Жаңалықтар

Алматыда өртеніп жатқан қонақ үйдің видеосы тарады

Алматыда өртеніп жатқан қонақ үйдің видеосы тарады
Фото: ТЖМ 12.06.2024 10:03 364

12 маусымда Алматыда таңғы уақытта қонақ үй өртенді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады

Осы минуттарда Алатау ауданында өрт сөндірушілер қонақ үйлердің бірінде өртті сөндіруде. Оқиға толығырақ нақтыланып жатыр, - ТЖМ хабарламасында.

Таңғы сағат 6:00-де ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Алатау ауданын, Қарасу ықшамауданы, Молодежная көшесіне жіберілді. Оқиға орнына 6 минутта келген сәтте, 2 қабатты қонақ үйдің ашық жалынмен жанып жатқанын анықталды, қызыл жалын бутиктерге таралып үлгерген.

Қонақ үй әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, қонақ үйге келушілер сыртқа шығрылып, өрт орнынан 4 газ баллоны эвакуацияланды.

Өрт 06-45-те оқшауланып, 07-00-де жойылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатқанын хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға