Алматыда өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті дер кезінде сөндірді
23.04.2025 01:37
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Алматы қаласындағы Бостандық ауданында орналасқан Әл-Фараби даңғылының бойында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу жеткен қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері жалынды уақытылы ауыздықтап, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.
Қуанышқа орай, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі көлік жүргізушілерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, көліктердің техникалық жағдайына мұқият болуға шақырады. Мұндай оқыс жағдайлардың алдын алу – әр жүргізушінің жауапкершілігінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

