Жаңалықтар

Алматыда Оңдасынов көшесі бір күнге жабылады

Алматыда Оңдасынов көшесі бір күнге жабылады
Фото: t.me/AlmatyJoly 20.09.2024 20:00 95

Алматыда ертең Оңдасынов көшесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

21 қыркүйек күні сағ. 09:00-ден 21:00-ге дейін Оңдасынов көшесінің Достық даңғылынан МТФ көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады. Айналма жол «Европолис» ТҮК аумағы арқылы қамтамасыз етіледі. Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. 

Әкімдіктегілер жөндеу жұмыстары кезеңінде №107 маршруттың қозғалыс сызбасы екі бөлікке бөлу арқылы өзгертілетінін атап өтті. «Абдуллиндер көшесі» соңғы аялдамасынан жөндеуге жабылған жерге дейін 2 автобус, ал жабылған жерден «Көлсай ш/а» соңғы аялдамаға дейін 2 автобус қатынайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға