Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілттері табысталды

Алматыда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне су жаңа пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, өткен жылдың 20 тамызында Алматы әкімдігінде Олимпиада жүлдегерлерімен салтанатты кездесу өткен болатын. Ел намысын қорғап, Қазақстан туын желбіреткен спортшыларға ақшалай сертификат, автокөлік кілті және тұрғын үй алуға арналған сертификат табысталған еді. Бұл құжаттар – атақты спортшыларды баспанамен қамту тетігінің алғашқы кезеңі болды.
Бұл үшін арнайы бюджет қалыптастырылып, барлық мемлекеттік сатып алу рәсімі – байқау өткізуден бастап келісімшартқа қол қоюға дейін – толықтай заңға сәйкес орындалды. Барлық кезең бірнеше айға созылды. 2025 жылдың 9 қаңтарында барлық заңдық және сатып алу рәсімдері толық аяқталды. Спортшылардың жайлы тұруы үшін берілетін пәтерге таза әрлеу жұмыстары жүргізілді,-делінген әкімдік мәліметінде.
Бүгін салтанатты жағдайда Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Парижде өткен Олимпиада ойындарында жүлде иеленген спортшыларға жаңа пәтер кілтін табыс етті. Баспаналы болған спортшылар қатарында боксшы Назым Қызайбай, гимнаст Нариман Құрбанов және мерген Ислам Сәтпаев бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
