Жаңалықтар

Алматыда Олимпиада жүлдегерлері экомарафонға қатысты

Алматыда Олимпиада жүлдегерлері экомарафонға қатысты
Фото: Видеодан кадр 16.03.2025 01:17 330

2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Ғұсман Қырғызбаев пен Александра Ле «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясындаэкологиялық марафонға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшылардың айтуынша, экологиялық марафон - қаланы тазарту мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттаудың бір жолы.

Дзюдодан қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев өзі оқыған мектеп аумағын тазартуға көмектесіп, осындай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Спорттың оқ ату түрінен қола жүлде иегері атанған Александре Ле де акцияны қолдап, пікір білдірді.

Менің ойымша, мұндай іс-шараларды жиі өткізу керек. Егер әрбір қала тұрғыны экологияға қамқорлық жасаса, мегаполистегі өмір жайлы бола түседі, – деді спортшы.

Олимпиадашылар жастарға үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға