Жаңалықтар

Алматыда мерейтой иесі Леонид Гиршке қошамет көрсетілді

Алматыда мерейтой иесі Леонид Гиршке қошамет көрсетілді
18.02.2019 04:21 4925

Алматыда Екінші Дүниежүзілік соғыстың ардагері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс органдарының ардагері Леонид Юзефович Гирштің туғанына 95 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко құттықтау құттықтау сөзімен ашты.

Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімінің атынан хатшылық меңгерушісі Назар Балғымбаев мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.

Сонымен қатар, мерейтой иесін «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінің директоры, ақын Олжас Сүлейменов, жазушы, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов ҚР Қарулы күштері мен зиялы қауым өкілдері құттықтады.

Леонид Гирш Алматы облысының құрметті азаматы, сол себепті Алматы облысынан келген делегация да туған күн иесіне жүрек жарды лебіздерін арнады. Алматы облысы әкімі атынан бейнежолдаумен қоса құттықтау хатты мерейтой иесіне Қазақстан халқы ассамблеясының Алматы облыстық хатшылығының меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай табыс етті.

Төтенше жағдайлар бойынша қызметтің өкілдері жазушы майдангер, мерейтой иесін төсбелгімен марапаттады.

Сондай-ақ, Лоенид Гиршті туыстары, достары мен үзеңгілестері зор денсаулық, шығармашылық шабыт тілеп, құттықтады.

Мерейтой иесіне этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы мен Шетел тілдері және іскерлі мансап университетінің студенттері де лебіздерін білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға