Жаңалықтар

Алматыда мемлекеттік архивтегі 10 млн-нан астам құжат парағы цифрландырылды

Алматыда мемлекеттік архивтегі 10 млн-нан астам құжат парағы цифрландырылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі 15.02.2024 07:28 679

Алматыдағы мемлекеттік архивтің материалдық-техникалық базасы соңғы 10 жылда жаңарды. Нәтижесінде ондағы 10 млн-нан астам құжат парағы цифрландырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы мемлекеттік архиві материалдық-техникалық базаны жаңғыртып, құжаттарды қалпына келтіру зертханасын ашты. Әкімдіктің хабарлауынша, бұл мақсатқа соңғы 10 жылда алғаш рет қалалық бюджеттен қаржы бөлінді. Соның арқасында көпформатты жеті сканер, 3D интерактивті кескінін жасауға арналған жүйе, микрофильмдер жүйесі, құжаттарды қалпына келтіру машинасы, 110 моноблок, 34 компьютер және тағы басқа жабдықтар сатып алынды.

Жаңғыртумен бірге қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен қызметкерлердің жалақысы да өсті.

Біз материалдық-техникалық базаны жаңартып, стационарлық сөрелердің орнына мобильді сөрелер алынды. Сол арқылы құжаттарды қабылдау және сақтау орны кеңейді. Сонымен қатар, былтыр мамандардың жалақысы 30%-ға өсті», - деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.

Қазір архивте құжаттардың 10 миллионнан астам парағы цифрландырылған. Әрі аудиовизуалды құжаттарды цифрландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр.  

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға