Алматыда мемлекетаралық іздеуді жүрген әйел қолға түсті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
31.10.2023 03:11
698
Алматы полициясы мемлекетке қарызы үшін іздеуде жүрген қырғызстандық әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматының көші-қон қызметінің мәліметінше, М. есімді әйелге 2019 жылы Медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының талап арызы бойынша азаматтық іс жүргізудің қорытындысына сәйкес сот орындаушысымен мемлекетаралық іздеу жарияланған.
Жақында тәртіп сақшылары М. есімді әйелді ұстады. Осы жолы ол Қазақстанда тұруға рұқсат алмақшы болған. Қазіргі уақытта ұсталған әйел атқарушылық іс жүргізу аясында шешім қабылдау үшін сот орындаушыларына берілді,- делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теннис: Александр Бублик әлемнің 14-ракеткасын жеңді
Келесі жаңалық
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды