Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда мектеп құрылысын кешіктерген мердігерге екі апта уақыт берілді

29.09.2025 04:19

Алматыда мектеп құрылысын мерзімінен кешіктіріп отырған мердігерге екі апта уақыт берілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды Тұрғұт Озал көшесіндегі №58 мектепті қайта жаңғырту жұмысы жүріп жатқан алаңға барды. Жоба бойынша 576 орынға арналған қосымша жапсарлас нысан салынып, заманауи оқу сыныптары мен спорт залдары ашылады. Бірақ құрылыс мерзімнен кешігіп жатыр: нысан 2025 жылдың желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс болған.

Мердігерге жағдайды түзету үшін екі апта уақыт берілді.

Бұл нысан – менің жеке бақылауымда. Егер алға жылжу болмаса, келісімшартты бұзамыз. Мердігерлер жұмысқа өздері жауап беруі керек, міндетін субмердігерлерге жүктей алмайды, – деді қала басшысы.

Қала әкімдігі мектеп құрылысы бойынша білім басқармасы, құрылыс басқармасы және басқа да жауапты қызметтер апта сайын атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп отыратынын атап өтті. Жобада үш қабатты жаңа корпус (жертөлесі мен спорт залы бар), асхана, акт залы қарастырылған. Сондай-ақ инженерлік желілер, шатыр мен өрт қауіпсіздігі жүйелері толық жаңартылады.