Жаңалықтар

Алматыда «Медеу» БТСК-не барар жолдың бір бөлігі түнде жөндеуге жабылады

Алматыда «Медеу» БТСК-не барар жолдың бір бөлігі түнде жөндеуге жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 05.09.2024 15:48 307

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 5 қыркүйек сағат 23:00-ден 6 қыркүйек 06:00-ге дейін «Samal» қонақ үйінен селден қорғау құрылымдары мен «Экобекет» аялдамасына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Айта кетейік, осы көшенің тағы 2 шақырымын жөндеу жоспарланған. Жабылатын күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға