Жаңалықтар

Алматыда курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіленді

Алматыда курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіленді
Фото: © Polisia.kz 14.06.2023 09:41 713

Алматы полициясы курьерден ұрланған тапанша мен оқтар тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы ер адамнан тапанша мен 17 оқ тәркіленді. Мопедке мінген екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы полиция экологиялық бекетінде тәртіп сақшылары тоқтатқан.

44 және 41 жастағы азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру барысында Grand Power тапаншасы мен әртүрлі 17 оқ әшкереленіп, тәркіленді.

Алдын ала тексеру барысында аталған қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек қарудың ұрланғандығы да белгілі болды. Аталған дерек сот алды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-тармағы бойынша тіркелді. Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс барысында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға