Алматыда кондуктор автобустан құлап, қаза тапты
Мөлдір Қайнар тілші
19.09.2024 18:32
Фото:
El.kz/Марина РУЗМАТОВА
Алматы маңында кондуктор жүріп бара жатқан автобустан құлап, құайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы маңындағы ауылдар арасында жүретін автобустан құлаған кондуктор оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін нөмірі 41-ші маршруттық автобуста болған.
Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

