Алматыда коммуналдық кәсіпорын басшысы сотталды
31.07.2024 13:00
Фото:
Антикор/Видеодан алынған кадр
Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А.Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С.Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды.
Тоқтасынов Алматы қаласының көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызметтер шарттарын жасасқаны және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған, - делінген мәліметте.
Сот үкімімен Тоқтасыновқа 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

