Алматыда коммуналдық кәсіпорын басшысы пара алды деген күдікке ілінді
10.01.2024 13:16
Фото:
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған, - делінген Антикор мәліметінде.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

