Алматыда көлік ұрлаумен айналысқан күдікті ұсталды
Мөлдір Қайнар тілші
Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полицейлері он көлік ұрлады деген күдікке ілінген Жетісу облысының 35 жастағы тумасы ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол өз қылмысын мойындады. Ұрланған 6 көлік бүлінбеген күйінде табылды, олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде қосылды, күдіктінің айтуынша, тағы екі көлікті сатып үлгерген. Қазір қалған көліктердің қайда екендігі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

