Алматыда көлік қаққан әйел көз жұмды
16.02.2024 11:24
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Kandinsky
Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолағынан өтіп бара жатқан 1968 жылғы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 16 ақпан күні 05:50-де болған.
«Ниссан» маркалы 1984 жылғы көлік жүргізушісі Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып жаяу жүргіншіні – 1968 жылы туған әйелді қағып кетті. Ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан. Жол апатынан әйел оқиға орнында көз жұмды, - делінген мәліметте.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

