Жаңалықтар

Алматыда көлік аялдамаға соғылып, 7 адам зардап шекті

Алматыда көлік аялдамаға соғылып, 7 адам зардап шекті
Фото: Видеодан кадр 28.08.2023 14:30 894

28 тамызда сағат 12:20-да көлік жүргізушісі аялдамаға соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1987 жылы туған жүргізуші Mercedes маркалы автокөлікті басқарып, Абылай хан бойымен жоғары қарай жүріп, Райымбек даңғылына солға бұрылып, рульді басқара алма, аялдамаға соғылған.

Соқтығыс кезінде аялдамада болған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісін Алмалы ауданының қызметкерлері тіркеп, өндіріске қабылданды, - деп хабарлады полиция.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға