Жаңалықтар

Алматыда көлік ағашқа соғылып, төрт адам қаза тапты

Алматыда көлік ағашқа соғылып, төрт адам қаза тапты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 27.06.2024 10:53 430

Жол апаты бүгін түнгі сағат 2:20-да Алматының Медеу ауданында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Лада көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Салдарынан көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың барі Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны екені белгілі болды, - деп хабарлады полициядан.

Төрт адамның өліміне әкеліп соққан апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Қайтыс болғандардың 21-22 жастағы жігіттер екені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға