Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгертіледі

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты кейбір бағыттардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда Наурыз мейрамының ауқымды түрде тойлау жоспарланған. Негізгі іс-шаралар Астана алаңында 21 және 22 наурызда өтеді. Сонымен қатар, 21 наурызда қала көшелерінде «Көш. Наурыз-думан» мерекелік керуен жүріп өтеді.

Алаңның және бірқатар көшенің жабылуына байланысты Алматы қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көлік маршруттарының қозғалысына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Мәселен, 21 наурызда сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін 41-маршруттың сызбасына түзетулер енгізіледі