Алматыда ішімдік ішкен әйел перзентханаға «бомба» қойылғанын хабарлаған
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
14.02.2024 11:45
923
Алматыда 32 жастағы мас әйел перзентханаға «бомба» қойылды деп хабарлаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Хабарласқан әйел №2 перзентханада бомба қойылғанын және жарылуына 12 минут қалғанын айтқан.
Көрсетілген мекен-жайға дереу жарылғыш заттар тобы, патрульдік жасақтар, ТЖД, АТК, Алматы қалалық ҰҚК, Жедел медициналық қызмет қызметкерлері жөнелтілді.
Ғимаратты және оның маңындағы аумақты тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер немесе қауіпті заттар табылмады, - деп жазылған ресми ақпартта.
Ұсталған кезде қылмыскер жарылғыш затты қандай мақсатта хабарлағанын түсіндіре алмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға