Алматыда ірі жолайрықтың бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Алматыда Райымбек - Момышұлы жолайрығының аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін 20 тамыз сағат 23.00-ден 22 тамыз сағат 11.00-ге дейін Момышұлы көшесінде Төле би көшесінен Талдыарал көшесіне дейінгі эстакадада, сондай-ақ оған бұрылатын және одан шығатын жол жабылады.
Бұл аумақты Төле би, Ақсай 1-А, Саин, Еспаев, Сухамбаев-Доспанов көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.