Алматыда ірі жол апаты: көпір үстінде төрт көлік соқтығысты
30.11.2025 14:44
Фото:
Видеодан кадр
Алматыда түнде төрт автомобиль қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды. Апат Рысқұлов пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы көпірде болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Полицияның мәліметінше, Рысқұлов даңғылы бойымен шығысқа қарай қозғалған Haval жүргізушісі көлікті басқара алмай, алдымен қатар жүріп келе жатқан Chery-ге соғылған. Қатты соққыдан кейін көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, тағы екі автокөлік — Audi және Hongqi-мен қақтығысқан.
Апат салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Haval жүргізушісі ауыр жағдайда жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Ал Audi жүргізушісі мен Hongqi жолаушысы облыстық стационарға тасымалданған.
Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

