Видеодан кадр

Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр

08.01.2025 21:26

Алматыда бір қабатты қойма өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алатау ауданындағы Қасым Шәріпов көшесінде болған. Төтеншеліктер алапат өртті сөндіруде. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Өртті сөндіруге 73 қызметкер мен 23 техника жұмылдырылды. Сағат 22.16-да келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, қызыл жалын оқшауланды.