Жаңалықтар

Алматыда ХҚКО қызметкерлері көліктің VIN-кодтарын өзгертумен айналысқан

Алматыда ХҚКО қызметкерлері көліктің VIN-кодтарын өзгертумен айналысқан
Фото: polisia.kz 21.10.2024 10:10 445

Арнайы жедел іс-шаралар барысында Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі прокуратураның көмегімен Алматы қаласында көлік құралдарын тіркеуге қоюдың қылмыстық циклін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, топ көлік құралының бірегей кодын өзгерту және құжаттарды қолдан жасау арқылы автокөліктерді тіркеумен айналысқан. Нәтижесінде VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды.

Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген. 17 күдікті ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. АЕҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп тексеру жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.

Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты. Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға