Алматыда Халық әртісі Пантелей Кесоглудың 85 жылдық мерейтойы тойланды
Алматыдағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі Пантелей Кесоглудың 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Президент мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін әртісті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Салтанатты жиында Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілхановтың құттықтау хаттары оқылды.
Бүгін таңертең Президенттің жарлығын оқып, қатты қуандым. Біздің Президенттің марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға. Өнер адамы үшін ең үлкен жетістік – оны танып, ықыласқа бөленуі. Мен өзімді бақытты адаммын деп сенімді түрде айта аламын, - дейді Пантелей Кесоглу.
Салтанатты іс-шараға Қазақстанның халық әртiстері Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, шығармашылық жоғары оқу орындарының ректорлары, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен әртістің шәкірттері жиналды.
Пантелей Кесоглу – қазақстандық эстрада әншісі, музыкалық педагог және профессор. Жұмыс істеген жылдары ол Қазақстандағы барлық фестивальдерге қатысып, қазақ гостелерадио оркестрімен 400-ден астам жазба жасап, екі миллионға жуық күйтабақ шығарды. 2000 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ береді.