Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталды
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
02.02.2023 18:17
1000
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараға премьер-министрлер Әлихан Смайылов, Никол Пашинян, Роман Головченко, Ақылбек Жапаров және Михаил Мишустин қатысады.
Шағын құрамдағы отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.
«Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», — деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Адам ең әуелі өзін-өзі жеңе білуі керек – Ермахан Ыбырайымов
Келесі жаңалық
Өзгенің банк картасын пайдаланған алаяқ ұсталды