Жаңалықтар

Алматыда ескі үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа пәтерге көшіріледі

Алматыда ескі үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа пәтерге көшіріледі
Фото: Алматы әкімдігі 16.11.2024 18:40 646

Алматының Жетісу ауданында 2030 жылға дейін 135 үй жаңғыртудың жаңа бағдарламасына енгізілген. Қазірдің өзінде 34 ескі үй сүріліп, келесі жылы 30 үйдің 280 пәтерінің тұрғындарын жаңа үйлерге көшіру көзделген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Крылов-Скрябин-Гончаров-Райымбек аумағы:
16 ескі үйдің орнына инвестор 944 пәтерге арналған 11 заманауи ғимарат салып жатыр. Қазір 9 үйдің құрылысы аяқталып, сүрілген үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге көшті.

Боткин-Казаков-Гончаров-Скрябин аумағы:
6 ескі үйдің орнына 576 пәтерге арналған 11 жаңа үй салынып жатыр. Қазірдің өзінде 3 үй пайдалануға беріліп, тұрғындар жаңа пәтерге көшірілді. Қалған үйлердің құрылысы жалғасуда.

Біз жөндеуден өткен ауданы бірдей пәтер алдық. Құрылыс кезінде бізге уақытша баспана тегін берілді. Мұндай бағдарламалар өте маңызды, себебі ескі үйдегі пәтерді сату қиын, ал жаңа пәтер сатып алу өте қымбат», - деді сейсмикалық қауіпті үйден заманауи тұрғын үй кешеніне көшкенін айтқан бағдарлама қатысушысы Фарида Ишмеметова.

Жаңғырту бағдарламасы 2030 жылға дейін жалғасады және Жетісу ауданындағы 135 үйді қамтиды. Бұл қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы баспанаға қол жеткізуде жасалған маңызды қадам.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға