Алматыда Ескендір Хасанғалиевке ескерткіш тақта орнатылды
24.09.2022 10:45
Фото:
music-college.kz
Алматыда Қазақстанның халық әртісі, әнші-сазгер Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне арналған мемориалдық-ескірткіш тақта ашылды, деп хабарлайды El.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Белгілі әнші ұзақ жыл бойы Байсейітов көшесіндегі №42 үйде тұрды. Берекелі шаңырақта ұрпағын өсіріп, өнерін өрістетті. "Ескірмеген махаббат", "Айналайын", "Асыл жар" сында лирикалық әндерін осы жерде жазды.
Сазгерді еске алуға арналған іс-шараға замандастары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер адамдары мен ет-жақындары жиналды. Қазақ өнерінің дамуы жолында, ерен еңбек сіңірген Ескендір Хасанғалиев 200-ден астам әннің авторы.

Оның "Атамекен", "Әдемі ау" атты туындылары халық арасында кең тараған. Сазгер былтыр 81 жасында өмірден өтті. Артында мәңгі өшпес, мол мұра қалдырды
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады