Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыда есірткіге қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсе ашылды

Алматыда Esirtkisiz QAZAQSTAN жобасы аясында есірткіге және есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі фронт-кеңсесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Бұл іс-шара «Esbol Qory» қоғамдық қорының бастамасымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылды. 

Фронт-кеңсенің мақсаты мен қызметтері:

- Жастарды, ата-аналар мен мұғалімдерді өмірлік дағдыларға үйрету;
- Кешенді және жүйелі алдын алу шараларын өткізу;
- Есірткіге қарсы белсенділерді БҰҰ стандарттарына сай даярлау;
- Алматы қаласындағы есірткі ахуалын бақылау және алдын алу шешімдерін әзірлеу.

Айта кетейік, мұндай фронт-кеңселердің құрылуы қоғамда тұрақты есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған ұлттық стратегияның бір бөлігі болып табылады.