Алматыда есірткі жарнамасы бар парақшаларды таратқан адамдар ұсталды
Мөлдір Қайнар тілші
"50 000 рубльден бастап барлығына жұмыс, еркін жұмыс кестесі, жоғары жалақы" деген мәтін жазылған парақтарды жабыстырып жүрген екі адам ұсталды.
Оларда QR-код бейнеленген 300-ден астам парақ болған, оған өткен кезде есірткі заттарын сататын Телеграм каналға сілтеме жасалады, - дейді ведомство.
Қала прокуратурасы азаматтарды баюдың жеңіл тәсілдерін және жоғары табыс табуды ұсынатын күмәнді жұмыс берушілерге бармауға, керісінше, мұндай фактілер анықталған кезде құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырды.

