Жаңалықтар

Алматыда есірткі жарнамалайтын 5 мыңнан астам граффити жойылды

Алматыда есірткі жарнамалайтын 5 мыңнан астам граффити жойылды
Фото: Polisia.kz 16.09.2024 09:50 984

Алматыда акция барысында есірткі жарнамалайтын 5 мыңнан астам граффити жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы Қарағандыдан эстафетаны қабылдап, есірткі жарнамасына қарсы ауқымды акциямен көшеге шықты. Осы демалыс күндері қала мыңдаған жазулар мен есірткі жарнамаларының жапсырмаларын жою жұмыстарына кірісті. «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен полицияның, әкімдіктің, студенттер мен еріктілердің үйлесімді күш-жігерінің арқасында ғимараттардың, қоршаулардың және қалалық нысандардың қасбеттерінен бес мыңнан астам есірткі граффити жойылды.  Іс-шарада ІІМ курсанттары мен Алматыны қауіпсіз әрі таза етуге ұмтылған қарапайым тұрғындарды көруге болады.

ҚазҰМУ студенттері мен «Еріктілер лигасы» жастар қозғалысының қатысуы ерекше шабыттандырады олар азаматтық жауапкершіліктің нақты үлгісін көрсетті. Алда еліміздің барлық өңірлеріндегі осындай акциялар күтіп тұр, ал ІІМ әрбір қазақстандықты осы қозғалыстың бір бөлігі болуға шақырады, себебі әрбір боялған QR-код немесе трафарет біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға