Жаңалықтар

Алматыда ерлі-зайыпты қарияларды өлтіріп, үйімен өртеп жіберген

Алматыда ерлі-зайыпты қарияларды өлтіріп, үйімен өртеп жіберген
Фото: pixabay.com 30.07.2024 10:00 1686

Алматыда жекеменшік үйдегі өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайтыс болғандар егде жастағы ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер ер адам өртке дейін қаза тапқан. Әйелінің өлімінің себебі әлі жарияланған жоқ.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал мен араздық қылмысқа себеп болған, - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

Басқа жағдайлар анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға