Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді өлтірген
11.08.2023 10:43
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

