Видеодан кадр

Алматыда ер адам дәретханаға құлап кетті

22.01.2024 10:47

Алматы облысының тұрғыны қоғамдық дәретханаға телефонын түсіріп алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам дәретхана тесігіне түсіп кеткен телефонды аламын деп артынша өзі де құлап кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел-жәрдем келіп, ер адамға көмек көрсетті. 

Желі қолданушылары ер адамның әрекетін сынап, пікір білдіріп жатыр.

"Сол үшін телефонды тастап кету керек қой", "Дәретханаға түскенше, жаңа телефон алатын еді", - деп жазып жатыр.