Алматыда электрсамокаттар үшін жол белгілері пайда болады
17.08.2022 01:17
Фото:
egemen.kz
Алматы көшелерінде жеке мобильді көліктер, оның ішінде электрсамокаттардың тұрақтары үшін арнайы жол белгілері жасалып жатыр, деп хабарлайды El.kz.
Аталған шара қала әкімдігі мен кикшерингтік сервистердің арасында жасалған қолданыстағы меморандум аясында жүзеге асырылуда.
Бірінші кезеңде жол белгілері Достық, Абай, Назарбаев даңғылдары, Гоголь көшесінің бойына жасалып жатыр. Кейін қаланың жүктемесі мейілінше жоғары бөліктерін қамту жоспарлануда. Жыл соңына дейін қала бойынша 500 тұрақ пайда болады.
Тұрақ аумақтары ақ түсті бояумен самокат кескіні арқылы белгіленеді. Тұрақ алаңы шамамен 4 шаршы метрді құрайды, оған 10-ға жуық жалдамалы самокат қоюға болады. Арнайы белгілердің жасалуы қала тұрғындарына жалдамалы самокаттарды жаяу жүргіншілер мен көліктерге кедергі келтірмейтін орындарға қалдыруға мүмкіндік береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

