Алматыда электромобильдерге арналған қуаттау станциялары көбейеді
25.11.2024 19:39
Фото:
Алматы әкімдігі
Алматыда электромобильдерге арналған қуаттау станциялары пайда болады, бұл оларды қала тұрғындары үшін ыңғайлы етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» 28 жаңа жоғары жылдамдықты қуаттау станциясын орнатуға 163 млн теңге бөлді. Бұл қаражат «Almaty Business – 2025» бағдарламасы және жасыл экономиканы дамыту стратегиясы шеңберінде электр зарядтарының инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған.
Айта кетейік, электромобильдерге жағдай жасау арқылы мегаполистің экологиясын жақсартуға болады, қаладағы зиянды заттар шығарындыларының 60% - ы автокөліктерге тиесілі екенін ескерген жөн.
2023 жылы Алматыда автокөлік құралдарының зиянды заттар шығарындыларының көлемі 112 мың тоннадан асты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

