Жаңалықтар

Алматыда екінші рет жер сілкінісі тіркелді

Алматыда екінші рет жер сілкінісі тіркелді
Фото: IStock 22.02.2023 18:16 1765

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы 22 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 450 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 10.3. MPV магнитудасы - 4.5. Тереңдігі - 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 16.25-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 439 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген болатын.

Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда бір жылда шамамен 12 мың жер сілкінісі тіркеледі.

Қазақстанның ең қауіпті апат аймағы – Алматы қаласы. 1887 жылы Алматыда 7,3 балдық зілзаладан 332 адам көз жұмған екен. 1910 жылы магнитудасы 8,2 балды құраған жер сілкінісінен 44 адам қаза тауып, 800-дей үй қираған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға