Жаңалықтар

Алматыда екі жігіт бөтен үйге басып кіріп, үй иелерін соққыға жыққан

Алматыда екі жігіт бөтен үйге басып кіріп, үй иелерін соққыға жыққан
Фото: Видеодан кадр 14.08.2023 13:49 1148

Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз екі адамның қоршаудан секіріп, жеке үйге басып кіргені түсірілген видео тарады. Полицейлер оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жазба авторы үйіне белгісіз біреулер кіріп, өзін, ағасын және кәмелетке толмаған қарындасын соққының астына алғанын жазған. Аталған жағдайға қатысты Әуезов ауданының полиция қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған бөтеннің мүлкін ұрлау дерегін анықтап жатыр.

Іс-шара барысында қызметкерлер полициядан жасырынып жүрген 2005 жылы туған жігітті анықтаған.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қаскүнемнің жасырынған тұрғын үйі анықталды. Ол ұсталды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, - деді полицейлер.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тергеліп жатыр. Ұрланған мүлік тәркіленген.

Қазір күдіктінің басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, күдіктіні және оның туыстары соққыға жығылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. ПБ-ға жеткізілгеннен кейін күдіктіге М. медициналық тексеруден өтті, онда дене жарақаты анықталған жоқ, - деді полиция өкілдері.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kris P Almaty (@kris__p__almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға