El.kz

Алматыда екі қабатты үй отқа оранды

15.07.2025 05:36

Бүгін Алматы қаласы Наурызбай ауданында екі қабатты коттеджден өрт шығып, жалын монша мен шаруашылық құрылысына дейін шарпыды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өрт аумағы 260 шаршы метрді қамтыған. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері бірнеше су оқпандарын қолданып, өртті оқшаулады. Жедел және үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Наурызбай ауданы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Базылбеков Галымжан оқиға орнына қатысты түсініктеме беріп, қазір өрттің шығу себебі анықталып жатқанын атады. 

ТЖМ тарапы өрт болған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажеттігін қаперге салады.