Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматыда екі қабатты кафеде өрт шықты

07.08.2025 00:09

Алматы қаласындағы Шевченко көшесінде орналасқан екі қабатты кафеде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бөлек тұрған кафе ғимаратының шатырының ашық жануы байқалған. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 28 адам және 9 техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. 

Белгілі болғандай, кафенің шатырында қаптаманың астындағы жылу оқшаулағыш материал тұтанған. Өрттің ауданы 10 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдар өздігінен далаға шығып үлгерген.