3–6 шілде аралығында Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған кадеттер мен жастар арасындағы Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Турнирге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ливан, Моңғолия, АҚШ және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасы секілді елдерден 700-ден астам балуан қатысады деп күтілуде.
Дүбірлі дода «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтеді.
Азия кубогы аясында төрешілер мен бапкерлерге арналған халықаралық семинар ұйымдастырылады. Оған Польша, Мысыр, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Үндістан, Иран, Нидерланд, Жапония және Сауд Арабиясынан келген 80 маман қатысады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

