Жаңалықтар

Алматыда дзюдо төрешілері халықаралық емтихан тапсырды

Алматыда дзюдо төрешілері халықаралық емтихан тапсырды
Фото: Дзюдо федерациясы 08.07.2024 04:27 890

Алматыда дзюдодан төрешілерге арналған халықаралық емтихан өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогінде 20 елден 32 төреші практикалық емтихан тапсырды. Емтихан нәтижесінде дзюдо төрешілері Continental және International дәрежесіне қол жеткізеді.

Қазақстандық мамандар Асхат Жіткеев - International, Қайыржан Сүлейменов пен Павел Ермошенко Continental дәрежедегі төреші атағына ие болды.

Емтиханға Қазақстан, Австралия, Қытай, Хорватия, Германия, Гонконг, Үндістан, Иран, Жапония, Қыоғызстан, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Молдова, Моңғолия, Словения, Тәжікстан, Түркіменстан, Тайпей және АҚШ елдерінен Continental санатына 15, International санатына 17 төреші қатысты.

IJF мұрындық болуымен Қазақстан дзюдо федерациясы ұйымдастырған семинар-емтиханға Халықаралық дзюдо федерациясының рефери директорлары – Чжон Ки ЕН, Армен Багдасаров, Азия дзюдо одағының рефери директорлары Осако Акинабу, Набел Абдрабалнаби жетекшілік етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға