Жаңалықтар

Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ауқымды экоакция өтеді

Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ауқымды экоакция өтеді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 06.06.2024 00:36 286

Алматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай 9 маусымда ауқымды экологиялық акция өтеді. Акция Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының қолдауымен өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған қатысуға Алматы қаласының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады.
Бағдарламада:
- қайта өңдеу үшін халықтан қайталама шикізат жинау (17 түрлі қалдық қабылданады);
- қайырымдылық ұйымдары үшін зат жинау (киім, кітап, аяқ киім, тұрмыстық зат және т.б.);
- кітап алмасу;
- өсімдік алмасу;
- Дармарка («Сен қажетсізді әкелесің, өзіңе керекті нәрсені аласың»).

Қайта өңдеу тізімінде электронды және құрамында сынап бар қалдықтар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, пенопласт, консервілер, түрлі-түсті шыны қабылданады.

Мұндай акция «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанынан кейін қала тұрғындары арасында кеңінен танылды. Іс-шараның бірінде 2,2 тонна қайталама шикізат және 2,7 тонна қайта пайдалануға арналған заттар жиналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға