Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz
18.12.2022 17:45
2154
Тәуелсіздік күні мен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Салтанатта сөз алғандар Тәуелсіздіктің қадірін айтып, Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті. Одан соң марафоншылар Қонаев қаласын бетке алды. Қыстың көзі қырауда 60 шақырымға жүгіру оңай емес дейді желаяқтар. Әйтсе де, олардың алды 3 жарым сағатта қалаға аяқ іліктірді. Марафонның соңында жұрт Алматы облысының орталығындағы Қонаев ескерткішіне гүл қойды.
Бұл марафонның мақсаты жастарды спортқа баулу салауатты өмір салтын ұстану, және де жастардың патриоттық рухын арттыру мақсатымен жүзеге асырылып жатқан іс-шара, - марафоншы Қайрат Айдарбекұлы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екібастұздық оқушылар дүйсенбіден бастап мектепке барып оқиды
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды