Алматыда Бұқар жырау бульварының бір бөлігі жабылды
Алматыда Бұқар жырау бульварының учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, 2 желтоқсан 06:00-ге дейін Бұқар жырау бульвары мен Байзақов көшесі қиылысының оңтүстік бөлігінде, сондай-ақ Бұқар жырау бульвары бойында Байзақов көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
Аталған аумақта газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Жароков көшесінен Бұқар жырау бульвары бойымен Есентай өзеніне дейінгі орта қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы – 1766,9 м.
Қолданыс кезінде оқшаулағыш жабынның, сондай-ақ құбырдың 4 коррозиялық зақымдануы анықталған.
Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.