Жаңалықтар

Алматыда биыл мопедтердің қатысуымен 359 жол апаты тіркелді

Алматыда биыл мопедтердің қатысуымен 359 жол апаты тіркелді
Фото: polisia.kz 20.08.2024 13:42 420

Алматыда биыл мопедтердің қатысуымен 359 жол апаты болды, – деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полициясы көктемгі-жазғы кезеңде көліктің жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылауды күшейтетіні, бұл қаладағы жол-көлік оқиғасы деңгейіне әсер ететіні туралы бұған дейін бірнеше рет хабарланған болатын. Біз баламалы көлік туралы айтып отырмыз, оның тұжырымдамасына мопедтер, мотоциклдер, скутерлер, самокаттар кіреді.

Тәжірибе көрсеткендей, мопедтер мен электросамокаттарды тізгіндеген адамдардың саны көбейіп, соның салдарынан, олардың қатысуымен жол қозғалысы ережелерін бұзу саны артқан. Баламалы көлік түрлерін жүргізетін адамдардың ҚР ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Осылайша, алдын алу шараларының бір күнінде алдыңғы шептегі бөлімшелер мопед жүргізушілері жасаған 150-ден астам ҚР ЖҚЕ бұзу дерегін анықтады, – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Спикердің айтуынша, Алматыда жыл басынан бері мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 359 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 364 адам зардап шексе, тағы алтауы көз жұмды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға