Алматыда бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың камера қосылды
Алматыда "Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі" жобасы аясында 45 мың камера қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір 603 мемлекеттік және 906 жеке нысанды ББЖ қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жобаның негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп,түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды көп мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру. Қазір мегаполисте 603 мемлекеттік және 906 жеке нысанды ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 45 мың бейнекамера қосылған, – деп хабарлайды Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі.
Бейне талдау түтінді, отты, қалған заттарды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, киімді, жынысты және бет-әлпетті тану және т.б. негізінде қалыптасады.