Жаңалықтар

Алматыда бір апта ішінде 60 субұрқақ тазартылды

Алматыда бір апта ішінде 60 субұрқақ тазартылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 03.07.2024 13:51 435

26 маусымда басталған «Алматы Жазы» қалалық акциясы аясында мегаполисте қалалық субұрқақтар тазартылып, жуылып, жаңартылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазірдің өзінде 66 субұрқақтың 60-ы ретке келтірілді, қалғандары жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ, жеке аумақтардағы субұрқақтарды тазарту және жаяу жүргіншілер субұрқақтарына қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.

Көбінесе жеке меншіктегі субұрқақтар қараусыз қалады, жұмыс істемейді немесе күрделі жөндеуді қажет етеді.

Аудан әкімдіктері мен «Eco Almaty» ЖШС жеке меншік иелерінің субұрқақтарына қызмет көрсету қажеттілігі туралы түсіндіреді. Соның нәтижесінде екі субұрқақтың иесі оларды қалаға беруге дайын екендіктерін білдірді.

Алматыда барлығы 150 субұрқақ бар, оның 66 коммуналдық және 84 жекеменшік. Акция 6 шілдеге дейін жалғасады және қала инфрақұрылымына ұқыпты қарауды қалыптастыруға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға