Жаңалықтар

Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді

Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.08.2024 15:10 471

Алматыда мәслихат депутаттары бұқаралық іс-шаралар кезінде көшелердің мәжбүрлі жабылуына байланысты көлік қозғалысына кедергілер келтірмеу мақсатында кезекті XXII сессияда тиісті шешім қабылдады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков бейбіт жиналыстар өткізуге арналған мамандандырылған орындар - М. Ганди атындағы саябақ, Ш. Уәлиханов атындағы және «Сарыарқа» кинотеатрының артындағы скверлер екенін айтты. 

Ш.Уәлиханов атындағы скверді жөндегеннен соң көлік құралдарының оқшауланған тұрақтарды жайластыруға, қауіпсіз орындарды, сигналдық бағаналар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін жасауға байланысты Шевченко көшесінің ені азайды. Сонымен қатар бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде Шевченко көшесі бойымен Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі қозғалыс жабылады. Бұл кептелістерге, басқа көшелерге шамадан тыс жүктемелерге, маршруттардың өзгеруіне және қоғамдық көлік кестесінің бұзылуына, жолаушылар мен автокөлік жүргізушілерінің қолайсыздығына әкеледі, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қала тұрғындарынан осы скверде митинг өткізбеуге, оның тыныштықты бұзатындығына, сондай-ақ сквердің тарихи келбетіне нұқсан келтіретініне қатысты өтініштер келіп түсті. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мамандандырылған орынды Ш.Уәлиханов атындағы скверден (толымдығы 1000 адам) Абылай хан даңғылындағы А.Иманов атындағы скверге (толымдығы 500 адам) ауыстыру туралы ұсыныс түсті, мұнда көшелерді жабудың қажеті болмайды және жақын жерде тұрғын үйлер жоқ. Қаланың мамандандырылған орындарын бұрын белгіленген қамтуды сақтау мақсатында «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы сквердің толымдылығы 500-ден 1000 адамға дейін өзгертілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға