Алматыда бесінші қабатта ілініп қалған әйел құтқарылды
09.08.2025 16:50
Фото:
Видеодан кадр
Алматыда тұрғын үйдің бесінші қабатында терезе жуып жатқан әйел сыртқы кондиционер кронштейніне ілініп қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әйел қолымен терезе жақтауын ұстап, қозғалыссыз тұрған. Құлап кету қаупі туындаған.
Шұғыл түрде ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жіберілді. 112 қызметінің диспетчері куәгер арқылы әйелге сабыр сақтап, орнынан қозғалмауын өтінді.
Құтқарушылар арнайы автосатыны пайдаланып, биіктікке көтеріліп, әйелге жетті. Оны қауіпсіз түрде төмен түсіріп, дәрігерлерге тапсырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

